АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Экология министрі "Семей орманы" табиғи резерватының (Семей орманы) аумағында былтырғы өрттен кейінгі тазарту жұмыстарымен және қазіргі ахуалымен танысты, деп хабарлайды экология министрлігі.
Өрт болған жер жаңа технологиялармен тазартылған. Экология министрі Еран Нысанбаев өрт шарпыған аумақтың жағдайын өзі барып көрді.
Министр экологии Ерлан Нысанбаев прибыл в резерват "Семей орманы", чтобы посмотреть, что происходит с лесом после прошлогоднего пожара
Еске сала кетейік, былтыр 8 маусымда Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерватының аумағында орман алқабы өртенді. Өртте "Семей Орманы" резерватының Новошульба филиалының 14 қызметкері қаза тапты, кейін орманшылықтың тағы бір қызметкерінің денесі табылды. Өрттің сөндірілгені туралы 15 маусымда хабарланды.
Министр экологии Ерлан Нысанбаев прибыл в резерват "Семей орманы", чтобы посмотреть, что происходит с лесом после прошлогоднего пожара
Бас прокуратура "Семей Орманы" резерваты мен Новошульба филиалының басшылығы өртті сөндіруді ұйымдастыруда заңмен жүктелген өкілеттіктерді орындамағаны, жағдайды дұрыс бағаламағаны және өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасының сақталуын қамтамасыз етпегені үшін айыпталды. Салдарынан адамдардың қаза болуына әкеп соқтырғанын мәлімдеді.