Астанада LRT бағаналарындағы қалыптар өртенді

Өрт 30 шаршы метр аумаққа шарпыған
Sputnik
АСТАНА, 28 маусым – Sputnik. Астанада өрт сөндірушілер LRT бетон бағаналарындағы өртті сөндірді, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
"Бүгін Алматы ауданында "Нұрлы Жол" темір жол вокзалының маңында салынып жатқан LRT бағаналарының аралықтары арасындағы қалыптар өртенді", - деп жазылған хабарламада.
ТЖМ күштері 30 шаршы метр алаңдағы өртті сөндірді. Зардап шеккендер жоқ. Себебі анықталып жатыр.
ЛРТ-ны неше адам салып жатыр - министр құрылыстың барысын баяндады