Ақтауда қыз алып қашқандардың басы бәлеге қалды – полиция түсініктеме берді

Sputnik
АЛМАТЫ, 28 маусым – Sputnik. Әлеуметтік желіде Ақтауда күштеп қыз алып қашқандарды полиция қызметкерлері босатып жіберген деген ақпарат тарады.
Айтуларынша қылмыс құрамының болмауына байланысты үш күннен кейін істі жауып тастаған. Мұны Маңғыстау облыстық полиция департаменті жоққа шығарды.
"Қызды алып қашқан адам өзінің танысы. Полиция ешкімді жауапкершіліктен босатқан жоқ. Адам ұрлау фактісі бойынша қылмыстық істі полиция тергеп жатыр", - дейді полицейлер.
Ведомство тергеу мүддесі үшін өзге де мәлімет жария етілмейтінін атап өтті.
Қоғам
Тоқаев қыз алып қашу туралы: мүлдем ақтауға болмайтын қараңғылық