Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын пайдалануға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстандықтар зейнетақы қорынан 3 триллион теңгеден астам қаражатты мерзімінен бұрын алды
Sputnik
АСТАНА, 26 маусым – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бірыңғай зейнетақы жинақтау қорынан зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуды тоқтату туралы ұсынысты қолдайды, деп хабарлады ведомство басшысы Светлана Жақыпова.
"Біз зейнетақы қорынан жинақталған қаражатты мерзімінен бұрын алуды тоқтату керек деген сарапшылардың ұсынысымен келісеміз. Қазір зейнетақы жинағының бір бөлігін алып қойғандардың зейнетақысы 34 мың теңгеден аспайтынын көріп отырмыз, сондықтан мұны тоқтату керек", - деді ол журналистің сұрағына жауап беріп.
Министр осы уақыт ішінде қазақстандықтар зейнетақы қорынан 3 триллион теңгеден (6,4 миллиард доллар) астам қаражатты мерзімінен бұрын алғанын атап өтті.
Бұған дейін БЖЗҚ биылғы жылдың 4 айында қазақстандықтардың таза инвестициялық кірісі шамамен 517,6 млрд теңге болғанын хабарлады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,6 млрд теңгеге немесе 10,4%-ға көп.
Қоғам
Елімізде орташа зейнетақы қанша