Қоғам

Елімізде орташа зейнетақы қанша

© Sputnik / Владислав ВодневТенге, деньги
Тенге, деньги - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.06.2024
Жазылу
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге зейнетақы төленген
АСТАНА, 20 маусым – Sputnik. Қазақстанда жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңге болды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге зейнетақы төленген. Соның ішінде базалық зейнетақы – 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы – 1 трлн 61,8 млрд теңге.
" 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 401 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 697 теңге, базалық зейнетақы – 42 704 теңге", - делінген хабарламада.
Қазір республикадағы зейнеткерлер саны – 2 млн 383 мың адам.
Министрлік 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске салды.
Жаңалықтар
0