"Азия балалары" ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті

Sputnik
АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Бүгін Якутск қаласында VIII "Азия балалары" халықаралық ойындарының алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Самбодан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 қола медаль жеңіп алып, команданы үздіктер қатарына шығарды.
Алтын медаль иегері:
Әбіш Пердалы (46 кг)
Қола жүлдегерлер:
Оңталап Сағындық (53 кг)
Балнұр Дастанқызы (59 кг)
Айнұр Мукарам (41 кг)
Рәсім Базарбай (64 кг)
Ертең самбошылар қалған 6 салмақта кім мықтыны анықтайды. Сондай-ақ бүгін үстел теннисі мен шахматтан жарыс басталды.
Кешке Астана уақытымен сағат 16:00-де Якутск қаласындағы "Туймаада" стадионында VIII жазғы "Азия балалары" ойындарының ресми ашылуы өтеді. Алдағы күндері ел намысын 21 спорт түрінен 200-ден астам спортшы қорғайды.