https://sputnik.kz/20240626/aziya-balalary-oyyndary-qazaqstan-qorzhynyna-algashqy-altyn-tusti-45228919.html
"Азия балалары" ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті
"Азия балалары" ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Бүгін Якутск қаласында VIII "Азия балалары" халықаралық ойындарының алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм... 26.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-26T13:27+0500
2024-06-26T13:27+0500
2024-06-26T13:27+0500
балалар
спортшы
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45228747_0:92:1763:1084_1920x0_80_0_0_1b0d3c28ca9fa0a1ccdfee3bc7dfce16.jpg
АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Бүгін Якутск қаласында VIII "Азия балалары" халықаралық ойындарының алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.Самбодан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 қола медаль жеңіп алып, команданы үздіктер қатарына шығарды.Алтын медаль иегері: Қола жүлдегерлер:Ертең самбошылар қалған 6 салмақта кім мықтыны анықтайды. Сондай-ақ бүгін үстел теннисі мен шахматтан жарыс басталды.Кешке Астана уақытымен сағат 16:00-де Якутск қаласындағы "Туймаада" стадионында VIII жазғы "Азия балалары" ойындарының ресми ашылуы өтеді. Алдағы күндері ел намысын 21 спорт түрінен 200-ден астам спортшы қорғайды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/1a/45228747_98:0:1665:1175_1920x0_80_0_0_d60c2f93e1d4187d1cbc670978ce0278.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
балалар, спортшы
"Азия балалары" ойындары: Қазақстан қоржынына алғашқы алтын түсті
АЛМАТЫ, 25 маусым – Sputnik. Бүгін Якутск қаласында VIII "Азия балалары" халықаралық ойындарының алғашқы жүлде жиынтығы сарапқа салынды, деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Самбодан Қазақстан құрамасы 1 алтын, 4 қола медаль жеңіп алып, команданы үздіктер қатарына шығарды.
Балнұр Дастанқызы (59 кг)
Ертең самбошылар қалған 6 салмақта кім мықтыны анықтайды. Сондай-ақ бүгін үстел теннисі мен шахматтан жарыс басталды.
Кешке Астана уақытымен сағат 16:00-де Якутск қаласындағы "Туймаада" стадионында VIII жазғы "Азия балалары" ойындарының ресми ашылуы өтеді. Алдағы күндері ел намысын 21 спорт түрінен 200-ден астам спортшы қорғайды.