Алматыда автобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмды

Sputnik
АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Алматыда автобус дүкенге соғылды. Салдарынан бір адам көз жұмып, 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөзі қызметі.
Оқиға 26 маусымда сағат 14:20-да Алмалы ауданында болған.
Автобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмып, 16 жолаушы зардап шекті
"Алдын ала мәлімет бойынша, "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатып, 18-ші автобуспен соқтығысқан. Салдарынан автобус жолдағы дүңгіршекке соғылды", - делінген хабарламада.
Қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, бір жолаушы сол жерде көз жұмды.
Қазір тергеу басталып, сараптамалар жасалып жатыр.