Алматыда автобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмды

© Sputnik/Ертай СарбасовАлматыда автобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмып, 16 жолаушы зардап шекті
Алматыда автобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмып, 16 жолаушы зардап шекті - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Жазылу
АЛМАТЫ, 26 маусым – Sputnik. Алматыда автобус дүкенге соғылды. Салдарынан бір адам көз жұмып, 16 адам зардап шекті, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөзі қызметі.
Оқиға 26 маусымда сағат 14:20-да Алмалы ауданында болған.
© Sputnik/Ертай СарбасовАвтобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмып, 16 жолаушы зардап шекті
Автобус врезался в магазин рядом с ТРЦ MEGA Park на пересечении улиц Макатаева и Сейфуллина - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.06.2024
Автобус дүкенге соғылды: бір адам көз жұмып, 16 жолаушы зардап шекті
"Алдын ала мәлімет бойынша, "Kia" көлігінің жүргізушісі Мақатаев көшесімен оңтүстік бағытта кетіп бара жатып, 18-ші автобуспен соқтығысқан. Салдарынан автобус жолдағы дүңгіршекке соғылды", - делінген хабарламада.
Қоғамдық көліктің 16 жолаушысы медициналық көмекке жүгінді, бір жолаушы сол жерде көз жұмды.
Қазір тергеу басталып, сараптамалар жасалып жатыр.
Жаңалықтар
0