Қазақстандық оқушылар "Еске алу пойызы" акциясына қатысады

Биыл "Еске алу пойызына" қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып отыр
Sputnik
АСТАНА, 21 маусым– Sputnik. Ұлы Отан соғысы басталуының жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Мәскеудің Беларусь вокзалында "Еске алу пойызы" акциясы басталды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Қазақстандық оқушылар "Еске алу пойызы" акциясына қатысады
Оған ТМД-ның 8 елінен 200 жоғары сынып оқушысы қатысады, оның ішінде 15-і – Қазақстаннан.
"Бұл – үздік оқушылар, соғыс тақырыбындағы олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары", - деп атапөтті елшілік.
Пойыздың бағыты бойынша, олар, Ресей мен Беларусьтің 13 қаласына барып қайтады. Оқушылар белгіленген бағдарлама негізінде әрбір аялдамада білім беру бағдарламасымен танысып, тарихты еске алу және мәдени-ағарту іс-шараларына қатысып, көрікті жерлер мен атақты орындарға экскурсия жасап, ардагерлердің қатысуымен өтетін кездесеулердің куәсі болады.
Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев
Акцияның басталу салтанатында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев жасөспірімдерге ақ жол және ұмытылмас әсер тіледі. Ол алдағы сапардың маңыздылығын, сондай-ақ тарихқа үңіліп қана қоймай, мұндағы әрбір жасөскелең ұрпақ үшін соғыс деген ұғымның терең мағынасын түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Бұл ұрпақтардың бірлігі мен сабақтастығын сезіну, өткенді жадымызда сақтаудың біздің болашағымыз үшін қаншалықты маңызды екенін түсіну мүмкіндігі", – деп атап өтті елші.
"Еске алу пойызы" өз саяхатын 3 шілдеде Минск қаласында –Гитлер басқыншыларынан қаланы босатудың 80 жылдығына арналған айтулы іс-шарасымен аяқтайды.
Жоба 2022 жылы Ресей мен Беларусь парламенттерінің жоғарғы палаталары – Федерация кеңесі мен Республика кеңесінің қолдауымен "Ресей темір жолдары" ААҚ-мен серіктестікте іске қосылды.
Акция өскелең ұрпақтың тарихқа құрметпен қарауын қалыптастыруға және ата-бабалардың қаһармандық ерліктің маңыздылығын түсінуге бағытталған. Биыл "Еске алу пойызына" қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып отыр.