https://sputnik.kz/20240621/qazaqstandyq-oqushylar-eske-alu-poyyzy-aktsiyasyna-qatysady-45126338.html
Қазақстандық оқушылар "Еске алу пойызы" акциясына қатысады
Қазақстандық оқушылар "Еске алу пойызы" акциясына қатысады
Sputnik Қазақстан
Биыл "Еске алу пойызына" қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып отыр 21.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-21T22:55+0500
2024-06-21T22:55+0500
2024-06-21T22:55+0500
оқушы
еске алу шарасы
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45123755_0:36:1200:711_1920x0_80_0_0_70b0d065272154509128698e6ad1df67.jpg
АСТАНА, 21 маусым– Sputnik. Ұлы Отан соғысы басталуының жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Мәскеудің Беларусь вокзалында "Еске алу пойызы" акциясы басталды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.Оған ТМД-ның 8 елінен 200 жоғары сынып оқушысы қатысады, оның ішінде 15-і – Қазақстаннан.Пойыздың бағыты бойынша, олар, Ресей мен Беларусьтің 13 қаласына барып қайтады. Оқушылар белгіленген бағдарлама негізінде әрбір аялдамада білім беру бағдарламасымен танысып, тарихты еске алу және мәдени-ағарту іс-шараларына қатысып, көрікті жерлер мен атақты орындарға экскурсия жасап, ардагерлердің қатысуымен өтетін кездесеулердің куәсі болады.Акцияның басталу салтанатында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев жасөспірімдерге ақ жол және ұмытылмас әсер тіледі. Ол алдағы сапардың маңыздылығын, сондай-ақ тарихқа үңіліп қана қоймай, мұндағы әрбір жасөскелең ұрпақ үшін соғыс деген ұғымның терең мағынасын түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті."Еске алу пойызы" өз саяхатын 3 шілдеде Минск қаласында –Гитлер басқыншыларынан қаланы босатудың 80 жылдығына арналған айтулы іс-шарасымен аяқтайды.Жоба 2022 жылы Ресей мен Беларусь парламенттерінің жоғарғы палаталары – Федерация кеңесі мен Республика кеңесінің қолдауымен "Ресей темір жолдары" ААҚ-мен серіктестікте іске қосылды.Акция өскелең ұрпақтың тарихқа құрметпен қарауын қалыптастыруға және ата-бабалардың қаһармандық ерліктің маңыздылығын түсінуге бағытталған. Биыл "Еске алу пойызына" қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/15/45123755_102:0:1098:747_1920x0_80_0_0_e24edb13d84fe9c90da7e427e1249182.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
оқушы, еске алу шарасы
Қазақстандық оқушылар "Еске алу пойызы" акциясына қатысады
Биыл "Еске алу пойызына" қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып отыр
АСТАНА, 21 маусым– Sputnik. Ұлы Отан соғысы басталуының жылдық мерейтойын атап өту қарсаңында Мәскеудің Беларусь вокзалында "Еске алу пойызы" акциясы басталды, деп хабарлады Қазақстанның Ресейдегі елшілігі.
Оған ТМД-ның 8 елінен 200 жоғары сынып оқушысы қатысады, оның ішінде 15-і – Қазақстаннан.
"Бұл – үздік оқушылар, соғыс тақырыбындағы олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары", - деп атапөтті елшілік.
Пойыздың бағыты бойынша, олар, Ресей мен Беларусьтің 13 қаласына барып қайтады. Оқушылар белгіленген бағдарлама негізінде әрбір аялдамада білім беру бағдарламасымен танысып, тарихты еске алу және мәдени-ағарту іс-шараларына қатысып, көрікті жерлер мен атақты орындарға экскурсия жасап, ардагерлердің қатысуымен өтетін кездесеулердің куәсі болады.
Акцияның басталу салтанатында Қазақстанның Ресейдегі елшісі Дәурен Абаев жасөспірімдерге ақ жол және ұмытылмас әсер тіледі. Ол алдағы сапардың маңыздылығын, сондай-ақ тарихқа үңіліп қана қоймай, мұндағы әрбір жасөскелең ұрпақ үшін соғыс деген ұғымның терең мағынасын түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
"Бұл ұрпақтардың бірлігі мен сабақтастығын сезіну, өткенді жадымызда сақтаудың біздің болашағымыз үшін қаншалықты маңызды екенін түсіну мүмкіндігі", – деп атап өтті елші.
"Еске алу пойызы" өз саяхатын 3 шілдеде Минск қаласында –Гитлер басқыншыларынан қаланы босатудың 80 жылдығына арналған айтулы іс-шарасымен аяқтайды.
Жоба 2022 жылы Ресей мен Беларусь парламенттерінің жоғарғы палаталары – Федерация кеңесі мен Республика кеңесінің қолдауымен "Ресей темір жолдары" ААҚ-мен серіктестікте іске қосылды.
Акция өскелең ұрпақтың тарихқа құрметпен қарауын қалыптастыруға және ата-бабалардың қаһармандық ерліктің маңыздылығын түсінуге бағытталған. Биыл "Еске алу пойызына" қазақстандық оқушылар алғаш рет қатысып отыр.