Бишімбаевтың жазасын жеңілдету үшін 100 млн теңге сұраған астаналық әйел ұсталды

Сонымен қатар күдікті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша да тергеледі
Sputnik
АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Астанада 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың үкімін жеңілдетуге уәде берген күдікті ұсталды, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қуандық Бишімбаевтың туыстарының өтініші бойынша елорда тұрғыны "Г"-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.
"Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасауға әрекеттенді, яғни Қуандық Бишімбаевтың жазасын жеңілдетемін деген сылтаумен алдау жолымен 100 миллион теңгені иемденбек болды деген күдікке ілінді", - дейді ведомство.
Сонымен қатар күдікті аса ірі мөлшерде пара беруге итермелеу бойынша да тергеледі.
Күдікті сот санкциясымен қамауға алынды. Тергеу жүріп жатыр.
Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе