Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе

Куандык Бишимбаев
Куандык Бишимбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Қуандық Бишімбаев жаза мерзімінің 2/3 бөлігін өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы. Бұл туралы баспасөз мәслихатында БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судья Алма Есімова мәлімдеді.
"Бишімбаев жаза мерзімінің 2/3 бөлігін өтегеннен кейін, шамамен 2039-2040 жылдардан соң, яғни 16 жылдан ерте емес мерзімде шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтініш беруге құқылы", - деді Алма Есімова.
Бүгін алқабилер Қуандық Бишімбаевты азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіріп, азаптағаны үшін кінәлі деп тапты. Сот оны қатаң режимдегі түрмеде жазасын өтеу үкімімен 24 жылға бас бостандығынан айырды.
Қылмыстық іс бойынша тағы бір айыпталушы, экс-министрдің туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейтін болады.
Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Жаңалықтар
0