АСТАНА, 18 маусым – Sputnik. Өңірлерде шегіртке зиянкестерімен күресу бойынша қорғау шаралары аясында фитосанитарлық мониторинг күшейтілді. Зиянкестердің таралу орындарын тексеруді 17 облыс, 2 республикалық маңызы бар қала және 168 аудандағы агроөнеркәсіптік кешендегі Мемлекеттік инспекция комитетінің Әдістемелік орталығы жүргізеді, деп хабарлайды ауыл шаруашылығы министрлігі.
Іс-шараларға ауыл шаруашылығы министрлігінің аумақтық бөлімшелерінің 1113 қызметкері, сондай-ақ 400-ден астам штаттан тыс зерттеуші тартылды. 673 техника жұмылдырылды.
Жалпы биылғы жылы 7,6 миллион гектар аумақ зерттелсе, химиялық өңдеуге жататын аумақ 2,5 миллион гектар анықталып, қазірдің өзінде 1,2 миллион гектардан астам аумақ өңделді.
Ең қиын процесс шегіртке үйірлерін дәл анықтау болып табылады, олар үшін потенциалды жәндік дернәсілдерінің кең аумақтары зерттеледі.
Залалсыздандыру шаралары зиянкестердің дамуының белгілі бір кезеңінде тиімді болғандықтан, жәндіктерді жою үшін шегіртке дернәсілдері толығымен жұмыртқадан шыққанша күту керек, бұл әртүрлі аймақтарда әртүрлі уақытта кездеседі.
Сетейік, сарапшылардың 2023 жылдың күзінде жасаған болжамдары өзін толық дәлелдеді.
Шегіртке үйірінің таралуы 2,5 млн га аумақты қамтиды деп күтілуде, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 млн га дерлік артық, нақтыланған болжам нәтижесінде қосымша 3,9 млрд. теңге Үкімет резервінен қаражат бөлінді.
Алдын ала күштер мен құралдар дайындалды, шегіртке зиянкестерімен зақымдану ошақтарын өңдеу бойынша жұмыстар жоспарланды.
Бұл зиянкестердің алқаптарға таралуының және ауыл шаруашылығына төнетін қатердің алдын алуға мүмкіндік берді.
Зиянкестердің жаңа учаскелерін анықтау мақсатында өңірлерде фитосанитариялық мониторинг күшейтілді, жұмыстар аяқталған кейбір облыстарда қайта тексеру жүргізілуде.
Түркістан облысында химиялық өңдеуден кейін 270 мың гектар алқапта шегіртке дақылдарының таралуының жаңа аумақтары 79 мың гектарға жуық алқапта анықталды. Нәтижесінде, өңдеуге жоспарланған 271 мың гектардың орнына 350 мың гектарға қорғау іс-шаралары жүргізілді. Жағдай тұрақталды.
Шекаралас аумақтардағы жағдай тұрақты түрде бақыланады, Ресей, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрліктерімен фитосанитарлық жағдай туралы ақпарат алмасып отырады