Тоқаев теннисші Рыбакинаны 25 жасқа толған туған күнімен құттықтады

Президент әйелдер ұлттық құрамасының қазіргі лидері Қазақстан теннисі тарихынан ойып тұрып орын ағанын атап өтті
Sputnik
АСТАНА, 17 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны 25 жасқа толған туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Қазақстан теннис федерациясы.
Тоқаев әйелдер ұлттық құрамасының қазіргі лидері Уимблдонда және басқа да беделді халықаралық жарыстарда жарқын жеңістерге жетіп, Қазақстан теннисі тарихынан ойып тұрып орын ағанын атап өтті.
"Алдағы уақытта да жанкүйерлерді керемет ойыныңызбен және жаңа жеңістеріңізбен қуантып, дене шынықтыру мен спортты дамытуға және ілгерілетуге үлес қосатыныңызға сенімдімін", - деп жазылған құттықтау хатта.
Президент теннисшіге зор денсаулық пен құт-береке тіледі.
"Қазақстан азаматымын": Елена Рыбакина жеке куәлігі мен паспортын көрсетті