АСТАНА, 16 маусым – Sputnik. 16 маусымда "Әйелдер құқықтары мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы" заң күшіне енді. Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға 15 сәуірде қол қойды.
Оған сәйкес, зорлық-зомбылық үшін жаза күшейтіледі:
денсаулыққа жеңіл зиян келтіргені үшін 200 АЕК (738 400 теңге) көлемінде айыппұл, я болмаса, 200 сағатқа қоғамдық жұмыстар, немесе 50 тәулікке дейін қамау;
адамды ұрғаны үшін 80 АЕК (295 360 теңге) көлемінде айыппұл, 80 сағатты қоғамдық жұмыстар немесе 25 тәулікке дейін қамауға алу.
Сондай-ақ, 15 маусымнан бастап зорлық-зомбылыққа қарсы арнайы құрылым өз жұмысын бастайды.
Мемлекет басшысы 2022 жылғы 16 наурыздағы және 2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған жолдауларында әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатуды тапсырғанын еске сала кетейік.