АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Назгүл Рахметуллина Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке рақымшылық жасау мүмкіндігіне қатысты түсініктеме берді.
"Бүгінгі күні Кәрім Мәсімовке қатысты ешқандай іс Жоғарғы Сотқа түскен жоқ", - деді ол парламент отырысында.
Кешірім жасау мәселесін сот шешпейді, деп атап өтті Рахметуллина.
Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2022 жылғы қаңтар оқиғасы кезінде ұсталды. Кәрім Мәсімов Қылмыстық кодекстің175-бабының 1-бөлігі, 179-бабының 3-бөлігі, 362-бабының 4-бөлігі 3-тармағы бойынша кінәлі деп танылды. Жазаны ішінара қосу арқылы 18 жылға бас бостандығынан айыру, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.