АСТАНА, 14 маусым – Sputnik. Арқалық қаласында су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға "ақылды" үй салынып жатыр, деп хабарлады Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі.
Ведомствоның дерегі бойынша Арқалықта 94 тұрғын үй апатты деп танылған. Зардап шеккен азаматтарға 68 пәтер сатып алынды, 418 үйде қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
"Сонымен қатар Арқалық қаласында су тасқыны салдарынан баспанасынан айырылған азаматтарға 50 пәтерлі "ақылды" үй салынып жатыр. Тұрғын үйді "BAZIS" компаниялар тобы өз қаражаты есебінен пайдалануға береді", - деп жазылған хабарламада.
Әрбір отбасына баспанасын қалпына келтірудің бірнеше нұсқасы ұсынылды:
өз бетінше қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу үшін ақшалай өтемақы,
жаңа үй сатып алу,
жөндеу жұмыстары.