Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан екі блогер ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Түркістан облысында бопсалаумен айналысқан екі блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды облыстық прокуратура.
Екі блогер аудандағы бір мектеп директорынан әлеуметтік желідегі іскерлік беделдігіне нұқсан келтіретін жарияланымын жою үшін 100 000 теңге талап еткен.
Аталған факт бойынша Қылмыстық кодексінің 194-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, күдіктілер 2 айға қамауға алынды.
Өзге ақпараттар ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес жария етуге жатпайды.
Өңірлер
Бопсалау, қару мен ұрлық: Павлодар облысында қылмыстық топ ұсталды