Қазақстан мен Корея университеттері қос диплом беруге келісті

Sputnik
АСТАНА, 13 маусым – Sputnik. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеулдің Ұлттық ғылым және технологиялар университеті қос диплом бағдарламасы қолға алуға уағадаласты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Корея Республикасы Президенті Юн Сок Ёльдің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында екі университеттің басшылары арнайы келісімді рәсімдеді. Оған сәйкес, Сеул Ұлттық Ғылым және технологиялар университеті мен Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті "AI architect", "Data management" сияқты білім беру бағдарламалары бойынша бакалавриат деңгейінде маман даярлады. Студенттерді қос диплом бағдарламасы бойынша оқуға қабылдау 2025-2026 оқу жылынан басталады.
Айта кетері, Қазақстан мен Корея басшыларының келіссөздері бірлескен мәлімдеме жасады. Ал екі елдің ресми делегация мүшелері ондаған құжатқа қол қойды.
Болашақ мұғалімдер мен дәрігерлерді қашықтан оқытуға тыйым салынуы мүмкін