51 мың адам жалдап отырған үйін жеке меншікке аудара алады – мәжіліс заңды қабылдады

Sputnik
АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Бүгін мәжіліс депутаттары тұрғын үй саясатын реформалау мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жұмыс тобының жетекшісі, депутат Ұлықбек Тумашиновтың айтуынша, бұған дейін сатып алу құқығынсыз жалға берілген үйлерді жекешелендіруге рұқсат беріледі.
"Бүгінгі таңда сатып алу құқығынсыз берілетін тұрғын үйлер – халықтың әлеуметтік осал топтарына ғана берілетіні белгілі. Бұл азаматтарға жалға берілетін баспананы жеке меншік ретінде қалдық құнымен алуға мүмкіндік береді. Мұндай жаңа жекешелендіру құқығын – барлық өңірлерде 51 мың халықтың әлеуметтік осал топтарының азаматтары пайдалана алады", - деді Тумашинов мәжілістің бүгінгі отырысында.
Айта кетері, 2017 жылдан бері қайтарымсыз негізде жалға берілетін тұрғын үй құрылысына республикалық бюджеттен 418 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Оған өңірлерде 51 мың пәтер салынып, пайдалануға берілді.
Зейнетақы төлемдері есебінен қанша адам баспана ала алады