Зейнетақы төлемдері есебінен қанша адам баспана ала алады

© Pixabay / Alexandr PodvalnyИпотека
Ипотека - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.05.2024
Жазылу
Осы бағдарлама басталғанда зейнетақы төлемдерін көбінесе 31-45 жастағы азаматтар пайдаланған. Ал 2023 жылдан бастап 61-63 жастағы адамдар жиі алады
АСТАНА, 22 мамыр – Sputnik. Бүгінде жарты милионнан астам адам зейнетақы төлемдерін баспана алуға пайдалана алады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Krisha.kz порталына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде 785 мың адам зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын баспанаға, я болмаса, емдеуге жұмсай алады. Олар:
есепшоттағы ақшасы шекті дейгейден асып тұрған салымшылар – 258 мың адам;
зейнеткерлер;
сақтандыру аннуитетін рәсімдеген салымшылар;
Осылайша, бүгінде зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын пайдалана алатындардың басым бөлігі – зейнеткерлер. Оны статистика да растап отыр. Осы бағдарлама басталғанда зейнетақы төлемдерін көбінесе 31-45 жастағы азаматтар пайдаланған. Ал 2023 жылдан бастап 61-63 жастағы адамдар жиі алады.
Былтыр 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әлеуметтік кодекс заңды күшіне енді. Оған сәйкес, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алатын қазақстандықтар жинаған ақшасын баспана сатып алуға немесе емделуге жұмсай алады.
Зейнетақы қоры тағы бір мәліметпен бөлісті. Биыл қаңтар мен наурыз аралығында зейнетақы төлемдерін мерзімінен бұрын алуға 48,6 мың өтініш өңделді. Әрбір адамның шекті деңгейден асатын ақшасы орташа есеппен 2,3 млн теңгені құрап отыр.
Жаңалықтар
0