АСТАНА, 11 маусым - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық көмек көрсету мәселелері бойынша республикалық call-орталықты іске қосты, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Сall-орталықты нөмірі: 8 (7172) 570 950.
"Осы нөмірге хабарласып, онкологиялық көмектің қолжетімділігі мен сапасы мәселелері бойынша өтініш қалдыруға болады, оның ішінде емделуден және көмек көрсетуден бас тарту жағдайлары туралы хабарлауға болады", - делінген министрлік таратқан ақпаратта.
Әрбір шағым мұқият қаралып, тиісті медициналық көмек көрсету бойынша шаралар қабылданатын болады.