Денсаулық

Елімізде 218 мың қазақстандық онкологиялық есепте тұр

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуМедицинский работник наблюдает за показаниями пациента, архивное фото
Медицинский работник наблюдает за показаниями пациента, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2024
Жазылу
Онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болған
АСТАНА, 4 ақпан— Sputnik. Қазақстанда жыл сайын 40 мыңға жуық адам қатерлі ісікке шалдығады, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Жыл сайын 4 ақпанда Халықаралық обырға қарсы күрес одағының (UICC) бастамасымен Дүниежүзілік обырға қарсы күрес күні атап өтіледі.
2023 жылдың қорытындысы бойынша онкологиялық есепте 218 мың қазақстандық тұр, онкологиядан 12 мыңнан астам адам қайтыс болған.
Қазақстанда ең көп таралған обырдың түрлері: сүт безі обыры, колоректалдық обыр, өкпе обыры, асқазан обыры, жатыр мойны обыры.
Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда онкологиялық ауруларды емдеу және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне кіретінін атап өтті.
Ересектер онкологиялық көмекті республикалық ұйымдар – "Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты" АҚ, "Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық" АҚ, 15 онкологиялық орталық, көпбейінді ауруханалардың жанындағы 5 онкологиялық бөлімшеден ала алады.
Сондай-ақ егер пациентте онкологиялық және гематологиялық ауруға күдік туындаса, медициналық-санитариялық алғашқы көмекте пациенттерге 18 жұмыс күні ішінде консультация және тексеру алуға мүмкіндік беретін "жасыл жол" бағыты енгізілген.
Қазіргі уақытта Қазақстан халқы үшін онкологиялық скринингтің 3 түрі тегін жүргізіледі, олар емханаларда қолжетімді:
1.
сүт безі обырына скрининг (40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 2 жылда 1 рет)
2.
жатыр мойны обырына скрининг (30 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер, 4 жылда 1 рет)
3.
колоректалдық обырға скрининг (ерлер мен әйелдер 50 жастан 70 жасқа дейін, 2 жылда 1 рет).
Қатерлі ісік – әлемдегі ең көп таралған және қауіпті аурулардың бірі. Жасушаның қалыптан тыс өсуі мен бөлінуіне байланысты пайда болатын қатерлі ісік әртүрлі органдар мен тіндерге әсер етуі мүмкін.
Жаңалықтар
0