Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы 26 маусымда қаралады

Sputnik
АСТАНА, 11 маусым – Sputnik. Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті, деп хабарлайды Астана қалалық сотының баспасөз қызметі.
"2024 жылғы 10 маусымда Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс Астана қалалық сотына келіп түсті. Судьяның осы жылдың 11 маусымдағы қаулысымен аталған істі қарау 2024 жылғы 26 маусым сағат 10.00-ге белгіленді. Сот отырысы Астана қалалық сотының ғимаратында Астана қаласы, Әлиев көшесі, 6, В блогы мекенжайында өтеді", — деп атап өтті қалалық соттан.
Еске салсақ, 13 мамырда Қуандық Бишімбаев 24 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қуандық Бишімбаевтың соты бойынша алқабилер үкім шығарды.
Бишімбаевқа екі бап бойынша айып тағылды: аса қатыгездікпен кісі өлтіру (15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру); қинау (4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе осы мерзімге бас бостандығынан айыру).
Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Қуандық Бишімбаев шартты түрде мерзімінен бұрын босатылуы мүмкін бе