Скляр мен Новак Каспий құбыр консорциумының жұмысын талқылады

Келіссөз барысында екі елдің экономика және отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды
Sputnik
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакпен кездесті.
Келіссөз барысында екі елдің экономика және отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Тараптар Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмысын атап өтті.
Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш көмір жылу электр станцияларын салу жөніндегі ірі жоба басталуына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Қазақстан былтыр 90 млн тонна мұнай өндірді