Скляр мен Новак Каспий құбыр консорциумының жұмысын талқылады

© Photo : Үкіметтің баспасөз қызметіСкляр мен Новак Каспий құбыр консорциумының жұмысын талқылады
Скляр мен Новак Каспий құбыр консорциумының жұмысын талқылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2024
Жазылу
Келіссөз барысында екі елдің экономика және отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды
АСТАНА, 10 маусым – Sputnik. Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакпен кездесті.
Келіссөз барысында екі елдің экономика және отын-энергетика саласындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Тараптар Каспий құбыр консорциумының (КҚК) тұрақты жұмысын атап өтті.
Көкшетау, Семей және Өскемен қалаларында үш көмір жылу электр станцияларын салу жөніндегі ірі жоба басталуына байланысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Мұнай өндірісі - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.03.2024
Қазақстан былтыр 90 млн тонна мұнай өндірді
Жаңалықтар
0