АЛМАТЫ, 9 маусым - Sputnik. Биыл Түркияда аптап ыстық рекордтық деңгейге жетуі мүмкін, деп жазды Hurriyet газеті Стамбул техникалық университетінің (ITU) метеорология факультетінің мүшесі, профессор Орхан Шеннің пікіріне сілтеме жасап.
"Шілде мен тамыз қазіргіден де ыстық болады, рекордтық деңгейге жетуі мүмкін. Өткен жылы Ыстанбұлда термометр 41,3 градусқа жетіп, 1938 жылғы 40,6 градустан асып түсті. Бұл соңғы 85 жылдағы ең ыстық темпеатура болды. Биылғы жылы 42-43 болуы мүмкін. Дайын болыңыз" - дейді метеоролог.
Оның айтуынша, ғаламдық жылыну шарықтау шегіне жеткенде метеорологиялық өзгерістердің кенеттен болуы қалыпты жағдай.
"Біз мұны аптаның басында көрдік: температура 7-8 градусқа көтерілді, демалыс күндері аздап қайтты. Бірақ сейсенбіден бастап қайтадан ыси бастайды. Бұл жүйе. Егер ол 5 күнге созылса, орташа деңгейден 5 градусқа жоғары болса, оны жылу толқыны деп атайды. Биыл мұндай ауа райы жиі сезілетін болады. Сонымен қатар нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, су тасқыны болады. Жаз қаншалықты ыстық болса, қыс сондай суық болады", - деді Шен.