https://sputnik.kz/20240212/40-gradustan-zhogary-ministrlik-zhazda-aptap-ystyq-bolatynyn-eskertti-42237552.html
40 градустан жоғары: министрлік жазда аптап ыстық болатынын ескертті
40 градустан жоғары: министрлік жазда аптап ыстық болатынын ескертті
Sputnik Қазақстан
Жаз мезгілінде орташа температура 19-23 градус болса, алдағы жазғы кезеңде 40 градусқа дейін және одан жоғары көтеріледі 12.02.2024, Sputnik Қазақстан
2024-02-12T14:22+0500
2024-02-12T14:22+0500
2024-02-12T14:22+0500
аптап ыстық
жаз
қазгидромет
https://sputnik.kz/img/675/37/6753715_0:160:3072:1888_1920x0_80_0_0_7bb7ca26e4170a989a7945e4abcebb1a.jpg
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. 2024 жыл өткен жылмен салыстырғанда ыстық болады. Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ол табиғи өрттің шығу және таралу мүмкіндігінің артуына байланысты минералды жолақтарды жаңартуды алдын-ала қарастыру және орман алқаптарын белсенді түрде патрульдеу қажет екенін айтты.Орман өртінің алдын алудың негізгі әдістерінің бірі – оның таралуын шектеу, яғни өрт қауіпті кезең басталғанға дейін минералданған жолақтарды алдын ала салу."Әдетте, бұл жұмыс топырақтың көктемгі ылғалдылығын сылтауратып, өте кеш жүргізіледі. Мәселен, 2023 жылғы 11 маусымда "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында, яғни ірі өрт басталған кезде 180 шақырым минералданған жолақ салу жоспарланған, алайда бұл жұмыс мүлдем орындалмаған", - дейді Сыздықов.."Ертіс орманында" жоспарланған 570 шақырымның тек 45-і ғана салынған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/675/37/6753715_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_13e98ab9605e3bfbbf66fb53eb520384.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
аптап ыстық, жаз, қазгидромет
аптап ыстық, жаз, қазгидромет
40 градустан жоғары: министрлік жазда аптап ыстық болатынын ескертті
Жаз мезгілінде орташа температура 19-23 градус болса, алдағы жазғы кезеңде 40 градусқа дейін және одан жоғары көтеріледі
АСТАНА, 12 ақпан – Sputnik. 2024 жыл өткен жылмен салыстырғанда ыстық болады. Бұл туралы төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов мәжілісте өткен үкімет сағатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазгидрометтің мәліметінше, жаз мезгілінде орташа температура 19-23 градус болса, алдағы жазғы кезеңде 40 градусқа дейін және одан жоғары болады. Былтыр тек 5-28 шілде аралығында температура кейбір күндері 44 градусқа жетіп, 300-ден астам өрттің шығуына әкеп соқты, көпшілігі "Семей" және "Ертіс орманы" аумағында болды", - деді Сыздықов.
Ол табиғи өрттің шығу және таралу мүмкіндігінің артуына байланысты минералды жолақтарды жаңартуды алдын-ала қарастыру және орман алқаптарын белсенді түрде патрульдеу қажет екенін айтты.
Орман өртінің алдын алудың негізгі әдістерінің бірі – оның таралуын шектеу, яғни өрт қауіпті кезең басталғанға дейін минералданған жолақтарды алдын ала салу.
"Әдетте, бұл жұмыс топырақтың көктемгі ылғалдылығын сылтауратып, өте кеш жүргізіледі. Мәселен, 2023 жылғы 11 маусымда "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағында, яғни ірі өрт басталған кезде 180 шақырым минералданған жолақ салу жоспарланған, алайда бұл жұмыс мүлдем орындалмаған", - дейді Сыздықов..
"Ертіс орманында" жоспарланған 570 шақырымның тек 45-і ғана салынған.