АЛМАТЫ, 9 маусым - Sputnik. Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті.
"Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктерге жедел медициналық жәрдем бригадасы көмектесті", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.
Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті.