Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті

© REUTERS / Costas BaltasЛесные пожары на острове Эвия, Греция
Лесные пожары на острове Эвия, Греция - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2024
Жазылу
Құтқарылған шетелдіктер жедел медициналық жәрдем бригадасына берілді
АЛМАТЫ, 9 маусым - Sputnik. Атырау облысында шетелдік жүргізушінің көлігі өртеніп кетті.

"Атыраудан Ақтөбеге қатынайтын жолдың Мақат ауданының аумағындағы бөлігінде көлік өртенді. Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары өртенген көліктен үш адамды алып шықты. Олар – Өзбекстан Республикасының азаматтары. Құтқарылған шетелдіктерге жедел медициналық жәрдем бригадасы көмектесті", - делінген Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратында.

Қазір құтқарушылар көлік өртінің шығу себебін анықтауға кірісті.
Жаңалықтар
0