Ақтауда жол апатынан екі оқушы көз жұмды

Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Аман қалған екінші бала үйіне жіберілген
Sputnik
АЛМАТЫ, 8 маусым – Sputnik. Ақтау қаласы Ақшұқыр ауылында екі оқушы қаза болды, деп хабарлады Маңғыстау облыстық полиция департаменті.
Қайғылы оқиға Ақшұқыр ауылынан 21 шақырым жерде болды. Оқиға болған кезде көлікте төрт оқушы отырған. Қатты жылдамдықпен келе жатқан көлік бетон бағанаға соғылған.
"Екі жасөспірім оқиға орнында қайтыс болған. Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр. Біреуі үйге жіберілген, оның денсаулығына зақым келмеген", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Жол апатына қатысты тергеу басталды.
"Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе көлік құралдарын пайдалану фактісі бойынша көлік құралдарын басқаратын адамдардың үстінен қылмыстық іс қозғады. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді", - дейді облыстық полиция департаменті.
Назарбаев мектебінің оқушысы пышақ жарақатын алды: дәрігерлер қыздың жағдайы туралы айтты