Назарбаев мектебінің оқушысы пышақ жарақатын алды: дәрігерлер қыздың жағдайы туралы айтты

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАрхивное фото
Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.05.2024
Жазылу
26 мамырда жәбірленушінің іш қуысына операция жасалды
АСТАНА, 27 мамыр – Sputnik. Ауруханаға пышақ жарақатымен түскен оқушы қыз операциядан кейін есін жиды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
26 мамырда жәбірленушінің іш қуысына операция жасалды. Сол кезде жағдайы ауыр болған. Қалалық денсаулық сақтау басқармасы қыздың жағдайына қатысты соңғы ақпаратты ұсынды.
"Науқас реанимациядан хирургиялық бөлімшеге ауыстырылды. Жағдайы тұрақты, есін жиды", - дейді дәрігерлер.
Айта кетері, Астанада Назарбаев зияткерлік мектебінің 18 жастағы оқушысына қастандық жасалды. Полиция кәмелет жасқа толмаған күдіктіні ұстады. Зәбір көрсеткен жасөспірім Назарбаев зияткерлік мектебінде оқымайды.
Жаңалықтар
0