АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Корея президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен биылғы 11-13 маусым күндері Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёль Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді", - деп жазылған хабарламада
Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.