https://sputnik.kz/20240321/qazaqstan-men-koreya-arasyndagy-aue-reysterinin-sany-artady-43104605.html
Қазақстан мен Корея арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Қазақстан мен Корея арасындағы әуе рейстерінің саны артады
Sputnik Қазақстан
Рейстер саны аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғаяды 21.03.2024, Sputnik Қазақстан
2024-03-21T14:29+0500
2024-03-21T14:29+0500
2024-03-21T14:31+0500
әуе қатынасы
https://sputnik.kz/img/282/14/2821426_0:58:3077:1788_1920x0_80_0_0_000369ab3b17b2d732051894b8cfa7bd.jpg
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.Алматыда азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесті.Бұдан бөлек, келіссөздер кезінде бағыттар мен тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды. Соның бәрі бәсекелестікті арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдап отыр.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/282/14/2821426_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_16dbd019378040267e72c8c23996b497.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әуе қатынасы
Қазақстан мен Корея арасындағы әуе рейстерінің саны артады
14:29 21.03.2024 (жаңартылды: 14:31 21.03.2024) Рейстер саны аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғаяды
АСТАНА, 21 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Кореяның авиациялық билігі арасында екіжақты келіссөздер өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Алматыда азаматтық авиация комитетінің төрағасы Салтанат Томпиева Корея Республикасы авиация кеңсесінің бас директоры Йонг Коок Киммен кездесті.
"Келіссөздер нәтижесінде тараптар елдер арасындағы рұқсат етілген рейстердің жалпы санын аптасына 10-нан 42-ге дейін ұлғайтуға келісті. Сондай-ақ аптасына 40 жүк рейсін, оның ішінде "әуе еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалану құқығын беру туралы келісімге қол жеткізілді", - дейді комитет мамандары.
Бұдан бөлек, келіссөздер кезінде бағыттар мен тасымалдаушылар санына қойылған шектеулер алынып тасталды. Соның бәрі бәсекелестікті арттыруға және елдер арасындағы ұшу географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді.
Тараптар әуе тасымалдаушыларының екі елдің астаналары арасында тікелей әуе қатынасын орнату ниетін қолдап отыр.