Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Еурокомиссия басшысы Швейцариядағы Украина жөніндегі конференцияға қатысады

Бұған дейін белгілі болғандай, Швейцария Украина бойынша саммитке қатысуға Ресейге шақыру жібермеген
Sputnik
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Еуропалық комиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен 15-16 маусымда Швейцарияда өтетін Украина бойынша конференцияға қатысады, деп мәлімдеді Еурокомиссияның өкілі Эрик Мамер Брюссельдегі брифингте. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Сенбі, 15 маусымда Фон дер Ляйен Швейцарияға барып, Украина бойынша конференцияға қатысады", - деді ол.
15-16 маусымда Швейцарияда, Люцерн қаласының маңында, Бюргеншток курортында Украина бойынша конференция өтеді. 80-ге жуық мемлекет осы конференцияға қатысатынын растады, бірақ Ресей қатыспайды. Берндегі Ресей елшілігінің баспасөз хатшысы Владимир Хохлов Швейцарияның Ресейге Украина бойынша саммитке қатысуға шақыру жібермегенін, Мәскеу бәрібір қатыспайтынын айтқан. Ол ұйымдастырушылар белсенді түрде алға тартып отырған бейбітшілік конференциясының идеясы Ресей Федерациясы үшін қолайсыз екенін айтты. Өйткені іс-шарада Ресейдің мүдделерін ескермейтін "бейбітшілік формуласын" ілгерілетуге тырысады.
Кремль Украинадағы қақтығысты шешудің жолын Ресейдің қатысуынсыз іздеудің қисынсыз және уақытты босқа кетіру екенін мәлімдеді. Бұған дейін Ресей Федерациясы бұл конференцияны нәтижеге әкелмейтін "құр әурешілік" деп атады.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Швейцария Украина мен Ресейді әскери тұтқындарды қорғауды қамтамасыз етуге шақырды