Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Швейцария Украина мен Ресейді әскери тұтқындарды қорғауды қамтамасыз етуге шақырды

© Sputnik / Алексей Куденко / Медиабанкке өтуВывоз сдавшихся в плен украинских военных и боевиков с "Азовстали"
Вывоз сдавшихся в плен украинских военных и боевиков с Азовстали - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр - Sputnik. Швейцария Украина мен Ресейді халықаралық құқық талаптарына сәйкес әскери тұтқындарды қорғауды қамтамасыз етуге шақырады, деп хабарлады РИА Новостиге Швейцария сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Пьер-Ален Эльчингер.
Бір күн бұрын донецкілік құқық қорғаушы Ирина Вихорева РИА Новостиге Еуропалық Адам құқықтары соты ресейлік әскери тұтқын Денис Резниковтың азапталуына байланысты "Резников Украинаға қарсы" процесін бастағанын айтты. Құжаттар Швейцария Сыртқы істер министрлігіне де жіберілді.
"Швейцария халықаралық гуманитарлық құқық пен адам құқықтарын қатаң сақтаудың қажеттілігін үнемі атап өтеді. Ол қақтығысқа қатысушы барлық тараптарды барлық жағдайда, әсіресе әскери тұтқындарды қорғауға қатысты халықаралық гуманитарлық құқықты құрметтеуге шақырады", - деді Эльчингер.
Сонымен бірге ол Швейцария Сыртқы істер министрлігіне әскери тұтқын Резников туралы құжаттар келіп түсті ме деген сауалға жауап беруден жалтарған.
"Министрлікке Украина бойынша жоғары деңгейдегі бейбіт конференцияға байланысты көптеген хаттар мен құжаттар келіп түседі", - деп жауап берді Швейцария Сыртқы істер министрлі
Жаңалықтар
0