Қостанайда әйелін өлтірген бұрынғы полиция қызметкері 9 жылға сотталды

Сот айыпталушының жазасын жеңілдететін мән-жайларды, оның жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін ескерді
Sputnik
АСТАНА, 6 маусым - Sputnik. Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының бұрынғы инспекторы жұбайын өлтірді деген айыпталды, деп хабарладйы Қостанай облысының соты.
Қайғылы оқиға өткен жылдың қарашасында болды. Қостанай ауданында жер үйдің ауласынан әйелдің мәйіті табылды. Іс материалдары бойынша ерлі-зайыптылар арасында жанжал туындап, ер адам әйелін электр сымымен тұншықтырып өлтіргені анықталды. Қылмысты жасыру үшін әйелдің денесін гаражға апарып, оны өз-өзіне қол жұмсаған етіп көрсеткісі келген.
Сот медициналық сараптама әйелдің механикалық асфикциядан (тұншықтыру, қылғыну) көз жұмғанын анықтаған.
Сотталушы жасаған қылмыс аса ауыр қылмыс санатына жатады. Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сот айыпталушының жазасын жеңілдететін мән-жайларды, оның жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін ескерді. Оған 9 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сотталушы полиция аға лейтенанты арнайы шеніненн айырылды.
Атбасар тұрғыны алдымен қызын, екі жылдан кейін әйелін өлтірген