Шымкентте жеке сот орындаушы борышкердің ақшасын иемденіп алған

Сот орындаушысы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 маусым - Sputnik. Шымкентте жеке сот орындаушы берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені өз шотына аударып, ақшаны иемденіп алған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Сот шешімімен борышкер талапкерге 1 млн 275 мың теңге төлеуге міндетті болған. Бұл сома борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушының есеп шотына аударылып отырған.
Алайда ол ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.
Аталған факті бойынша жеке сот орындаушының үстінен Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылған.
Сот орындаушысы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды.
Сот орындаушы борышкерден өндірілген алиментті өз ұлының шотына аударған