Шымкентте жеке сот орындаушы борышкердің ақшасын иемденіп алған

© Sputnik / Владислав ВодневСудебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева
Судебное разбирательство по делу Кайрата Боранбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2024
Жазылу
Сот орындаушысы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды
АЛМАТЫ, 5 маусым - Sputnik. Шымкентте жеке сот орындаушы берешекті өтеуге арналған 556 953 теңгені өз шотына аударып, ақшаны иемденіп алған, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Сот шешімімен борышкер талапкерге 1 млн 275 мың теңге төлеуге міндетті болған. Бұл сома борышкердің айлық жалақысынан ай сайын өндіріліп, жеке сот орындаушының есеп шотына аударылып отырған.
Алайда ол ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген.
Аталған факті бойынша жеке сот орындаушының үстінен Қылмыстық кодекстің 251-бабы 1-бөлігімен (Жекеше нотариустардың, бағалаушылардың, жеке сот орындаушыларының, медиаторлардың және аудиторлық ұйым құрамында жұмыс iстейтiн аудиторлардың өкiлеттiктердi терiс пайдалануы) іс қозғалды.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде тараптардың татуласуына байланысты іс тоқтатылған.
Сот орындаушысы республикалық жеке сот орындаушылар палатасының мүшелігінен шығарылды.
Деньги, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2024
Сот орындаушы борышкерден өндірілген алиментті өз ұлының шотына аударған
Жаңалықтар
0