АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Жетісу футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу футбол клубы" КМҚК директорын әшкереледі", - деп жазылған хабарламада.
Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда.