Жетісу футбол клубының директоры ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинНаручники, архивное фото
Наручники, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2024
Жазылу
Ол оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңгені сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Жетісу футбол клубының директоры бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді, деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
"Жетісу облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Жетісу футбол клубы" КМҚК директорын әшкереледі", - деп жазылған хабарламада.
Ол 2022 – 2023 жылдары оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 85,4 млн теңге сомасындағы бюджет қаражатын сенімді тұлғалардың карточкалық шоттарына аудару арқылы жымқырған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Қылмыстық әрекеттің басқа эпизодтары тексеріліп жатыр. Тергеу жалғасуда.
Надпись Polisia на форме - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2024
Желіде жарияланған видеодан кейін Алматыда полицейлердің үстінен іс қозғалды
Жаңалықтар
0