Қызылорда облысында екі жасөспірім суға батып кетті

Олардың мәйіті судан шығарылып, ата-аналарына табысталды
Sputnik
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Қызылорда облысында Сырдария өзенінде екі жасөспірім суға батып кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Қайңылы оқиға 1 маусым сағат 18:27–де Қызылорда қаласы маңындағы "Ягодка" саяжайында болған.
"Жедел құтқару жасағының құтқарушылары жедел жетіп, су асты іздестіру жұмыстарына кірісті. Нәтижесінде алдымен 2009, одан кейін 2008 жылғы жасөспірімнің мәйіті сыртқа шығарылды", — делінген хабарламада.
Олардың екеуі де Қызылорда қаласы Н.Ілиясов атындағы № 9 мектеп-гимназиясының 9 сынып оқушылары.
Биыл 53 бала суға батып кетті: министрлік шомылу маусымының қорытындысын жасады