Министр су тасқынынан зардап шеккендерге үй салуды жеделдетуді тапсырды

Sputnik
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Қазақстан Республикасының өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында су тасқынынан зардап шеккендерге арналған тұрғын үй құрылысы нысандарын аралады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Министрліктің мәліметі бойынша, Қаратөбе, Сырым және Теректі аудандарында құрылысты 2024 жылдың қыркүйегінде аяқтау жоспарланған.

"Қаратөбе ауданында 97 үй зардап шексе, оның 90 үй тұруға жарамсыз, 7 үй жөндеуді қажет етеді. Құрылыс сатысында 90 үй тұр, оның ішінде жаңа алаңда 72, бұрынғы учаскелерде 18 үй салынып жатыр", - деп жазылған хабарламада.

Сырым ауданында 257 үй зардап шекті: 114 үй тұруға жарамсыз, 149-ы жөндеуді қажет етті. 114 үй құрылыс сатысында, оның ішінде 51 үй жаңа алаңда, 63 үй бұрынғы учаскелерде салынып жатыр.
Теректі ауданында 45 үй бүлінген, 23 үй жарамсыз, 21 үй жөндеуді қажет етеді, 1 үй сатып алынды. Құрылыс кезеңінде жаңа алаңдарда 18 үй салынып жатыр.
Нысандарды тексеру барысында Қанат Шарлапаев нысандарды құрылыс материалдарымен толық қамтамасыз етуді және құрылыс сапасын бақылауды күшейтуді тапсырды.
Батыс Қазақстан облысында тасқыннан зардап шеккен 50 отбасы баспаналы болды