Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Литва министрі Украинаға қатысты ашық мәлімдеме жасады

НАТО сарбаздарының Украинада пайда болуы одақ Ресеймен тікелей қақтығысқа түседі дегенді білдірмейді
Sputnik
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Украинаның жағдайы нашар, деді Литва сыртқы істер министрі Габриэлюс Ландсбергис ZDF арнасына берген сұхбатында. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Егер бір жыл бұрынғы уақытқа көз жүгіртсеңіз, Батыста көптеген ұранды сөздер айтқанына қарамастан, бүгін Украина бұрынғыдан да нашар жағдайда тұр", - деді литвалық министр.
Оның пікірінше, Батыс одақтастары Ресейге қалай жауап қайтару керектігін ойлауы керек.
Сонымен бірге, Литва СІМ басшысы НАТО сарбаздарының Украинада пайда болуы одақ Ресеймен тікелей қақтығысқа түседі дегенді білдірмейді деп сенеді. Өйткені альянстың барлық мүшесі бірдей мұндай шешім қабылдамайды.
Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Киселевке берген сұхбатында Украинаға еуропалық контингенттің енгізілуі қақтығыс аймағындағы жағдайды еш өзгертпейтінін және Киев үшін ауыр зардаптарға әкелетінін айтты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин Украинадағы жалғыз заңды үкіметті атады