https://sputnik.kz/20240528/putin-ukrainadagy-zhalgyz-zandy-ukimetti-atady-44610635.html
Путин Украинадағы жалғыз заңды үкіметті атады
Путин Украинадағы жалғыз заңды үкіметті атады
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Украинадағы жалғыз заңды үкімет Жоғарғы Рада және оның спикері болып қала береді, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин. 28.05.2024, Sputnik Қазақстан
2024-05-28T19:38+0500
2024-05-28T19:38+0500
2024-05-28T19:38+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
владимир путин
украина
https://sputnik.kz/img/07e8/04/02/43382473_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_4db9304c8c3a602b3901ca383a4a8c18.jpg
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Украинадағы жалғыз заңды үкімет Жоғарғы Рада және оның спикері болып қала береді, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.Ресей басшысы бұл мәселе бойынша байыпты және терең талдау жүргізу керек деп қосты. Ол Украина Конституциясы президенттің емес, Раданың өкілеттігін ұзартуды көздейтінін айтті.Естеріңізге сала кетейік, Зеленскийдің өкілеттік мерзімі 20 мамырда аяқталды. Украинадағы президент сайлауы 31 наурызда, ал жаңадан сайланған бірінші адамның инаугурациясы мамырда өтуі керек еді.Бірақ әскери жағдай мен жалпы мобилизацияны алға тартып, дауыс беру тоқтатылды. Зеленский қазір сайлау өткізетін "уақыт емес" деп мәлімдеп, бұл сұраққа нүкте қою керек екенін баса айтты.Путин өткен аптада Мәскеу Зеленскийдің заңдылығы аяқталды деп санайтынын айтты. Ол Украинамен келіссөздерді қайта бастап, заңды құжаттарға қол қоюда кіммен жұмыс істеуге болатынын және қажет екенін түсіну керек екенін айтты.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/02/43382473_0:0:2732:2048_1920x0_80_0_0_70a8a2043aad53ae9cb04f60c833e3a7.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
владимир путин, украина
Путин Украинадағы жалғыз заңды үкіметті атады
АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Украинадағы жалғыз заңды үкімет Жоғарғы Рада және оның спикері болып қала береді, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Алдын-ала болжам бойынша, жалғыз заңды билік (Украинада) парламент пен спикер Рада болып қала береді. Жалпы алғанда, егер президенттік сайлауды өткізгісі келсе, онда әскери жағдай туралы заңның күшін жою қажет болар еді, бары сол. Бірақ олар сайлау өткізгісі келмеді", - деді Путин Өзбекстанға сапарының қорытындысы бойынша баспасөз хабарламасында.
Ресей басшысы бұл мәселе бойынша байыпты және терең талдау жүргізу керек деп қосты. Ол Украина Конституциясы президенттің емес, Раданың өкілеттігін ұзартуды көздейтінін айтті.
Естеріңізге сала кетейік, Зеленскийдің өкілеттік мерзімі 20 мамырда аяқталды. Украинадағы президент сайлауы 31 наурызда, ал жаңадан сайланған бірінші адамның инаугурациясы мамырда өтуі керек еді.
Бірақ әскери жағдай мен жалпы мобилизацияны алға тартып, дауыс беру тоқтатылды. Зеленский қазір сайлау өткізетін "уақыт емес" деп мәлімдеп, бұл сұраққа нүкте қою керек екенін баса айтты.
Путин өткен аптада Мәскеу Зеленскийдің заңдылығы аяқталды деп санайтынын айтты. Ол Украинамен келіссөздерді қайта бастап, заңды құжаттарға қол қоюда кіммен жұмыс істеуге болатынын және қажет екенін түсіну керек екенін айтты.