АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин Украинадағы қақтығыстың басталуына альянстың экспансияға деген ұмтылысы мен НАТО-ның іс-қимылдары жауапты екенін мойындаудан бас тартты, деп хабарлады РИА Новости.
"Мен НАТО-ның кеңеюі Украина дағдарысын тудырды деген пікіріңізбен келіспеймін", - деді ол Сингапурдағы "Шангри Ла диалогы" саммитінде сөйлеген сөзінде журналист сұрағына жауап беріп.
Пентагон басшысы қазіргі қалыптасқан жағдайға НАТО-ның кеңеюге ұмтылысы емес, Ресей жауапты деп санайды.
Сингапурдағы "Шангри Ла диалогы" Лондондағы Халықаралық стратегиялық зерттеулер институтының Сингапурдағы филиалымен ұйымдастырылып, биыл 21-ші рет өткізіліп отыр.
Ресей 2022 жылдың 24 ақпанында Украинада арнайы әскери операция бастады. Ресей президенті Владимир Путин бұл операцияның мақсатын "сегіз жыл бойы Киев режимі тарапынан зорлық-зомбылық пен геноцидке ұшыраған адамдарды қорғау" деп атады. Ол арнайы операцияның мәжбүрлі шара екенін айтты.