Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Украина қарулы күштері Ресей аумағына соққы жасамай-ақ табысқа жете алады – Пентагон

© AFP 2024 / DANIEL SLIMПентагон
Пентагон - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 30 мамыр – Sputnik. АҚШ Украинаның Ресей аумағының ішіне қарай соққы бермей-ақ ұрыс даласында табысқа жету мүмкіндігі бар деп санайды. Бұл туралы Пентагон ресми өкілінің орынбасары Сабрина Сингх мәлімдеді.
"Біз украиналықтар АҚШ берген қаруды қолдану арқылы аумақты қайтарып алуды жалғастыра отырып, өз мақсатына қол жеткізе алады деп сенеміз", - деді ол украиналық әскерилердің АҚШ қару-жарағымен Ресей аумағына қарай соққы жасауға шектеу енгізуге қатысты түсініктеме бере отырып.
АҚШ қорғаныс ведомствосы өкілінің айтуынша, Вашингтон Киевке артиллерия, алыс қашықтықтағы әуе қорғанысы құралдары және әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері сияқты әртүрлі қару-жарақ жіберіп жатыр.
"Біздің ұстанымымыз өзгермейді – біз украиналықтар ұрыс даласында табысқа жете алады деп сенеміз", - деп атап өтті ол.
Мәскеу Украинаға қару-жарақ жеткізу жағдайды реттеуге кедергі келтіреді, НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тартады деп санайды.
Ресей бұған дейін Украинаға қару-жарақ жеткізілуіне байланысты НАТО елдеріне ескерту жіберген. Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Украинаға қару-жарақ жіберген кез келген жүк Ресей үшін заңды нысана болатынын айтты.
Ресей Федерациясының сыртқы саясат ведомствосы НАТО елдері Украинаға қару-жарақ жеткізу арқылы "отпен ойнап отыр" деп мәлімдеді.
Жаңалықтар
0