АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. Ақмола облысындағы Ақкөл қаласында үш қабатты тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
"Қатты түтіннен қашып, 1987 жылы туған әйел терезеге шығып көмек сұрады. Өрт сөндірушілер үш иінді баспалдақтың көмегімен әйелді құтқарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ өртенген пәтерден 2 газ баллоны шығарылды. Көрші пәтерлерден 6 адам өздігінен эвакуацияланды.
Өрт сөндірушілер шақыру түскен сәттен бастап 30 минут ішінде өрті сөндірді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.