Оқиға

Астанада пәтер өртенді: көмекке асыққан екі өрт сөндіруші зардап шекті

© Photo : Пресс-служба ДЧС Астаны Астанада отқа оранған пәтер

Астанада отқа оранған пәтер - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.11.2022
Жазылу
АСТАНА, 16 қараша – Sputnik. Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты. Өрт сөндірушілер бес адамды құтқарып қалды.
Қалалық ТЖ департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, 16 қараша күндіз Момышұлы даңғылындағы тұрғын үйде пәтер өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минутта жетті. Анықталғандай, он бес қабатты үйдің 11-ші қабатындағы пәтер отқа оранған. Жалын 50 шаршы метр аумақты шарпыған, қатты түтін шыққан.
"Жанып жатқан пәтердің ішінде адамдар болған. Өрт сөндірушілер ең алдымен соларды құтқаруға кірісті. Олар бес адамды, соның ішінде бір баланы құтқарды, он адам эвакуацияланды", - делінген хабарламада.
Иіс тиіп уланған үш адам, соның ішінде бір бала ауруханаға жеткізілді.
Аулада көліктер тұрғандықтан, өрт сөндірушілерге пәтерге жету оңай болмаған.
Сондай-ақ, ТЖД мәліметінше, тілсіз жауды ауыздықтау кезінде екі өрт сөндіруші зардап шеккен. Олардың қолы мен беті күйген. Қазір құтқарушыларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Астана қаласы ТЖ департаментінің басшысы бес адамды құтқарғаны үшін өрт сөндірушілерді наградаға ұсынады.
Өртті сөндіруге барлығы ТЖД-ның 26 адамы мен 6 техникасы жұмылдырылды. Соның ішінде Апаттар медицинасы орталығының үш қызметкері мен бір техникасы бар.
Жаңалықтар
0